Жария етілетін қаражаттарды Астана қаласында құрылатын Қаржы орталығына инвестициялау ұсынылады - А. Теңгебаев
Еске сала кетейік, Қаржы министрлігі Елбасының тапсырмасына сәйкес жария ету акциясын мейлінше жеңілдету жағына қайта қарастыратын жаңа заң жобасын әзірлеген болатын.
«Жаңа заң жобасы бойынша ақша қаражаттарының иелері өз ақшаларын екінші деңгейлі банктердегі шоттарға жатқызбастан он пайыздық алымын төлеу жолымен, қаражаттары қай жерде тұрса да (Қазақстанда, шетелде болса да) алып, иелене алады. Бұдан бөлек, біз жария етілетін қаражатты Астана қаласының Қаржы орталығына инвестициялау мүмкіндігін ұсынамыз», - деді Ардақ Теңгебаев.
Оның айтуынша, мүлікті жария ету акциясы әлі де жалғасуда. Дегенмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Қаржы министрлігі жария етуге қатысты жеңілдету шараларын қамтып, құқық қорғау органдарының қудалауынан кепілдік беретін жаңа нормаларды әзірледі.