Жария ету аясында Дубайдағы пәтер мен Ресейдегі мүлік заңдастырылған - Қаржы министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жария ету аясында Дубай қаласындағы пәтер мен Ресейдегі мүлік заңдастырылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.
None
None

Ұсынылған мәліметтерге қарағанда, жалпы акция басталғалы бері азаматтар тарапынан 48,5 мыңға тарта өтінімдер келіп түскен. Сонымен қатар, жария ету акциясы аясында шет елдерде орналасқан 636 миллион теңгеге бағаланған 17 жылжымайтын мүлік заңдастырылған.

«Бұл - шет елдердегі әртүрлі нысандар. Олардың ішінде жылжымайтын мүліктер де бар. Бағалы қағаздар ретіндегі жария етілген мүліктер саны бесеу. Қандай мүліктер дегенге келсек, мен Ресей Федерациясында орналасқан мүлік пен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы пәтер де заңдастырылғанын нақты білемін. Бұдан бөлек, шет елдерде орналастырылған акциялар мен облигациялардың бөліктері де заңдастырылды», - деді Ардақ Теңгебаев.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы бойынша Қазақстан азаматтары үшін шет елдерде орналасқан мүліктер туралы декларация тапсыру міндеттеледі. Шет елдерде мүлкі бар әрбір жеке тұлға ол бойынша тиісті органдарға декларация өткізуі қажет. Ондай декларация ұсынбағандар да айыппұл төлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар