Жария ету мен заңдастыру акциясын 2016 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылады - Қаржы министрлігі
«Қазіргі таңда қолданыстағы заң бойынша жария ету акциясы 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы тиіс. Біз жаңа заң жобасы арқылы бұны 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынамыз», - деді вице-министр. Бұдан бөлек, жаңа заң жобасымен жария етудің кепілдік беру бөлігінде бірқатар шаралар ұсынылады.
Айта кетерлігі, Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер үшін жалпыға ортақ табыстарды декларациялау енгізілсе, бұл біртіндеп барша азаматтарға қатысты болады. Осыған байланысты, «100 қадам» Ұлт жоспары аясында мүліктер мен ақшалай қаражаттарды жария етуді оңайлату міндеті белгіленген еді. Қаржы министрлігі бұл міндетті орындау үшін жария ету акциясын мейлінше жеңілдету жағына қайта қарастыратын жаңа заң жобасын әзірлеген болатын.