Жария ету нәтижелері бойынша елімізде 292 млрд теңге заңдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жария ету нәтижелері бойынша елімізде 292 млрд теңге заңдастырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.
None
None

«Қысқаша тоқталып өтсек, бүгінгі күні жария ету акциясының нәтижесі бойынша 292 млрд теңге заңдастырылды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлік бойынша отыз мыңнан астам нысан мен бағалы қағаздардың жалпы сомасы 219 млрд теңгені құрады. Ал Қазақстан аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша он жеті нысан 636 млн. теңгеге жария етілді. Ал ақшалай жария ету 73 млрд. теңгені құрады», - деді Ардақ Теңгебаев.

Оның айтуынша, аталған акция әлі де жалғасатын болады. Бұл ретте Қаржы министрлігі жария ету акциясын жеңілдету мәселелерін де қарастырады.

Соңғы жаңалықтар