Жария ету науқаны аясында Қазақстан экономикасына 42,1 млрд. теңге инвестицияланды

«Бұл ретте жалпы сомасы 545,5 млрд. теңгеге 60 952 тұрғын үй нысанын, 169,1 млрд. теңгеге 31 493 тұрғын үй емес нысанды, соның ішінде 7 408 млрд.теңгеге 119,5 коммерциялық нысанды жария ету туралы өтініш түскен. Бұл ретте сомасы 2,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 23 қатысу үлесі, сондай-ақ 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түскен. Тұтастай алғанда 418,9 млрд. теңгеге 55 428 нысан жария етілді», - делінген баспасөз баянында.
Бұдан бөлек, мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына Қазақстан аумағынан тысқары 1 млрд 44,4 млн теңге құрайтын 38 тұрғын үй нысанын жария ету бойынша өтініш түскен.
Ал ҚР Ұлттық банкінің есебі бойынша, екінші деңгейлі банктердің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша жалпы сомасы 98,0 млрд.теңге ақшаны жария етуге 192 жинақ шот ашылды. Соның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,1 млрд. теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 40,3 млрд.теңгені құрады. Ал Қазақстан экономикасына инвестицияланған қаражат 42,1 млрд. теңгеге жетті.