Жарқайың ауданында 75 отбасы жаңа пәтерге ие болды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында 75 отбасы қоныс тойларын атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қаңырап тұрған бес қабатты үйді қалпына келтіру мақсатына жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге қаржы қарастырылған болатын»,- дейді аудан әкімі Аманбек Қалжанов. Айналасы абаттандырылып, балалардың ойын алаңы, орталықтандырылған су мен жылу жүйесіне қосу, коммуналдық қажеттіліктер талапқа сай ескерілген. Жалпы аудан бойынша өткен жылы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мақсатына 154 миллион теңгеден астам инвестиция тартылған болатын. Оның 69 миллион теңгесі республикалық және жергілікті бюджеттен қарастырылса, 92 миллион теңгесі кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің есебінен бөлінген. Қалған қаржы жеке үй салушылар еншісінде. Нәтижесінде өңірде 6359 шаршы метр баспана тұрғызылды. Ағымдағы жылы қаңқасы қалған ғимараттарды қалпына келтіру арқылы 5500 шаршы метр тұрғын үй іске қосылатын болады.
Соңғы жаңалықтар