Жарқайыңда жаңа емхана пайдалануға берілді - Ақмола облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарқайың ауданының орталығында 70 орындық жаңа емхана пайдалануға берілді, деп жазады egemen.kz.
None
None

Бұл мекеме «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының «Дәрiгерлiк амбулатория, фель­д­шерлiк-акушерлiк пункт және емхана құрылысы» жобасы шеңберінде тұрғызылды. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 916 млн. теңгені құрайды. Денсаулық кешені тәулiгiне 70 адам­ға қызмет көрсете алады.

Жұртшылықты құттықтау сөзінде аудан әкімі Асқарбек Үйсінбаев Астана күні мере­кесі қарсаңында ашылған әлеу­меттік нысанның маңызы орасан екендігін айта келіп, құры­лысты сапалы жүргізген «Уральс­к­стройинвест» ЖШС ұжы­мына алғыс сезімін жеткізді.

Заманалық медициналық жаб­дықтармен қамтамасыз етілген емхананың көпсалалы дәрігерлері көмекке жүгінген кісілерді қабыл­дай бастады.

 

Соңғы жаңалықтар