14:37, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Жәркентте үш тәуліктің ішінде қатыгездікпен адам өлтіру қылмысы ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жәркент қаласында жергілікті тұрғынның өлтірілуі небәрі үш тәуліктің ішінде ашылды.

Қатігездікпен ұрып-соғылған 42 жастағы ер адамның мүрдесі қалалық дәмханалардың бірінің жанынан табылды. Оқиға орнына шақырылған полицейлер дәмхана қызметкерлерінен өлім алдында жәбірленуші досымен бірге спирттік ішімдіктерді ішкенін білді. Сот-медициналық сараптама ер адам өлімінің миына қан құйылу және жақ сүйектері сынғандықтан болғанын көрсетті.
Панфилов АІІБ-нің полицейлері күдіктінің тұлғасын үш тәуліктің ішінде анықтады, ол ізін суыту мақсатымен қаладан кетпекші болғанда, Жаркенттен шығар жолда қолға түсті.
Оқиға орнынан алынған қолдары мен саусақтарының іздері ұсталған азаматтың саусақ іздерімен бірдей болып шықты. Ол қылмысты жасағанын мойындады. Күдікті тұлға қамауға алынды.