Жарқын Жұмаділов Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Жарқын Жұмаділов тағайындалды.

Жаркын Тусупбекович Жумадилов
Фото: instagram semey24

Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын журналистика саласында бастаған. «Қазақ радиосында» редактор және жүргізуші, «Алаш айнасы» газетінде саяси шолушы, «Ұлт TIMES» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақстан РТРК» АҚ стратегиялық маркетинг департаментінің шеф редакторы қызметтерін атқарған.

Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Nur Otan» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

2016-2019 жылдары аралығында БҚО әкімінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі және аппарат басшысының орынбасары болып еңбек етті. 

2019-2020 жылдары «Elorda Aqparat» ЖШС директоры қызметін атқарса, 2021-2023 жылдары ҚР Президенті баспасөз қызметінің инспекторы болып жұмыс істеді. 

2023 жылдың мамыр-қыркүйек айларында Абай облысы әкімінің кеңесшісі болды. 

2023 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін ҚР Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.

Еске салсақ, осыған дейін Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғаны жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар