10:05, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Жәрмеңке саудасын реттеу қажет ? ШҚО әкімі
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Өткен сенбі күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында әрбір жексенді сайын өткізіліп отырған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде болып,
ондағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жолы жәрмеңкеге Глубокое, Зырянов, Ұлан аудандарының диқандары қатысып, сауда сөрелеріне ет, өсімдік майы, шұжық және нан-тоқаш өнімдері шығарылды. Б.Сапарбаев тиісті құрылымдарға жәрмеңке өнімдерінің саудасын ұйымдастыруды ретке келтіруді, саудагерлердің таразыларын тексеруді және баға саясатын реттеуді тапсырды. Бақылаудың тұрақты болуы керек екенін баса атап көрсеткен әкім, өнімдерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатқысы келмейтін саудагерлердің сауда орындары үшін ақы төлеулері керек екенін айтты.