Жарты миллион бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтті. 

Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Шараның мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау, білім алушылардың эстетикалық талғамы мен патриоттық сезімдерін күшейту, сондай-ақ балалардың домбырада ойнау шеберлігін насихаттау. Акция биыл цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект әлеуетіне баса назар аудара отырып жүзеге асырылды.

Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Акция барысында қатысушылардың таңдауы бойынша бір мезгілде халық күйі «Тепеңкөк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» секілді танымал күйлер орындалады. Шараға тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ең кішкентай тәрбиеленушілері және колледж студенттерін де қатысты.

Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Маңғыстау облысында қатысушылар тек домбырада ғана емес, сондай-ақ жетіген секілді көне ұлттық аспаптарда да күйлер орындап, қазақтың музыкалық мұрасының байлығы мен тереңдігін көрсетті. Ал Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері балалармен бірге күй тартты. 

Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Айта кетелік Наурызнама онкүндігі аясында 21 наурыз – Ынтымақ күні болып белгіленген.