Жарты жыл ішінде мопедті тіркеуге қоймағандарға қандай жаза қарастырылған

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мопедін мемлекеттік тіркеуге қоймағандарға айыппұл салынатынын айтты.

мопед
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер мопедтерді теркеуге қанша уақыт берілетінін сұрады. И.Лепеханың айтуынша, заңға Президент қол қойып, құжат алғаш ресми жарияланған күннен кейін 6 ай ішінде тіркеуге қою керек.

«Жарты жыл уақыт беріледі, яғни осы аралықта мемлекеттік тіркеуге қойып үлгеру керек. Қазір бір айдың ішінде тиісті құқықтық базаны, бұйрықтарды пысықтап шығамыз. Содан кейін тіркеуге қою туралы жариялаймыз. Берілген жарты жылда тіркеліп үлгермесе, бұл мопедтерді тоқтатып, айыптұраққа жеткіземіз. Оның иесі көлігін тіркегеннен кейін ғана тұрақтан алады», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, заң алғаш ресми жарияланған күннен бастап жарты жыл бойы полицейлер мопед жүргізушілеріне көлігін тіркеуге қою туралы түсіндіреді.

«Осы 6 айда мопедті тіркемей, нөмірсіз жүргендерге айыппұл салынады. Яғни нөмірсіз жолға шыққан автокөлік иелері сияқты жазаға тартылады», - деді Игорь Лепеха.

Соңғы жаңалықтар