Жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионының қанынан допинг табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Даниэл Кормьемен жекпе-жек алдында тапсырған жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонстың  қанынан допинг белгілері анықталды.

 Жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионының қанынан допинг табылды

Бұл жайлы UFC сайтында жарияланды.

TMZ мәліметінше, 30 жастағы Джонстың допинг-сынамасынан стероидты туринабол табылған.

Спортшы ісімен америкалық допингке қарсы агенттік (USADA) айналысатын болады.

Сынама 28 шілде күні алынған. Ал, 29 шілде күні Джонс жартылай ауыр салмақта Кормьені нокаутқа түсіріп, UFC чемпионының титулын жеңіп алды.

2016 жылдың қараша айында Джонс оң нәтижелі допинг-сынамасы үшін бір жылға дисквалификацияланды. 2015 жылы оның кінәсінен болған жол апаты кезінде оқиға орнынан ізін жасырғаны үшін полиция қызметкерлері спортшыны қамауға алып, UFC чемпиондық титулынан айырды.

Өзінің ең алғашқы титулын боксшы 23 жасында алып, UFC тарихындағы ең жас чемпион атанған болатын.