Жартылай марафон: 18 маусымда елордада кейбір көшелер уақытша жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 18 маусымда елордада Astana Half Marathon жартылай марафоны өтеді. Осыған байланысты қалада кейбір көшелерде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: gov.kz

Астанада жартылай марафон EXPO халықаралық көрме орталығының аумағынан бастау алады. Айта кетерлігі, ЭКСПО-қалашық маңындағы учаскеде қозғалыс 17 маусым күні сағат 16:00-ден 18 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жабылады.

Түркістан көшесі бойынша EXPO ғимаратынан Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 18 маусым күні сағат 06:00-ден 08:00-ге дейін жабылады.

Сығанақ көшесінің Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықтағы қозғалыс 07:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Тәуелсіздік даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс сағат 07:20-дан 10:00-ге дейін жабылады.

Сарайшық көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін, солтүстік айналымның бөлігін қоса алғанда, қозғалыс сағат 07:20-дан 10:00-ге дейін жабылады.

Мәңгілік Ел даңғылының учаскесіндегі айналымның оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:40-тан 10:00-ге дейін жабылады.

Қонаев көшесінде Мәңгілік Ел даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:50-ден 10:50-ге дейін жабылады.

Қонаев көшесінде «Хан Шатыр» СОО аумағының айналасы сағат 07:50-ден 10:50-ге дейін жабық болады.

Достық көшесінің Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс сағат 07:50-ден 11:00-ге дейін жабылады.

Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен EXPO орталығына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 11:20-ға дейін жабылады.

Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуін ескере отырып енгізілді.

ЭКСПО орталығына көлік арқылы жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Тұрар Рысқұлов көшесі арқылы;
2) Мәңгілік Ел даңғылының Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;
3) Қабанбай батыр даңғылымен «MEGA Silk Way» СОО-ға дейін.

Жолдарда қозғалыстың қарқынды болуына байланысты қатысушыларға Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен старт орнына (EXPO) жету ұсынылады. Қалашық маңындағы тұрақ жабық болады.


Соңғы жаңалықтар