Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген павлодарлық ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда түнде «102» операторына ер адам қоңырау шалып, Қамзина көшесіндегі моншаға бомба қойылғанын хабарлаған, деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тергеу тобы мен арнайы бөлімше қызметкерлері ғимаратты тексеріп, жарылғыш зат таппады. Бомба жайлы хабарлаған ер адам ұсталды. Ол 28 жастағы, жұмыссыз облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ішімдік ішкен ол әзілдемек болғанын айтқан. Ер адам тұтқынға алынды, оның үстінен ҚК 273-бабы (террорлық акті туралы көрінеу жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram