«Жас Барыс» турнирінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алматыда қазақ күресінен «Жас Барыс» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Екі кезеңге бөлінген жарысқа Алматының сегіз ауданынан 14-19 жас аралығындағы балуандар қатысты.
null 
null 

42 келі салмақта Е. Мәмлемғазы топ жарса, 46 келі салмақта Айбек Айсары көш бастады. Ал 51 келі салмақ дәрежесінде Ролан Кабаев қарсылас шыдатпай, бас жүлдені еншілесе, 55 келіде Азамат Мұxтарxанға тең келер ешкім болған жоқ. Сондай-ақ 57 келі салмақта - Олжас Оразұлы, 60 келіде - Жандос Ескендір және 64 келіде Еркін Кемпірбай жеңімпаз атанды.
null 
null 

66 келіде - Ғалымжан Тойбаев, 71 келіде -  Оңалбай Жұмаділда,  73 келіде - А. Сапарбаев жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінсе, +73 келіде - Нұрдаулет Кәукенов, 81 келіде - Лесбек Таджа, +81 келіде - Асқар Әлібек, 82 келіде - Марат Кеңес чемпион атанды. Сонымен қатар 100 келі салмақта Әкім Дәулет жеңімпаз атанса, аса ауыр салмақта Нұрай Қунатай бас жүлдені жеңіп алды.
null 

Турнир Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
null 

Соңғы жаңалықтар