Жас ғалымдарға бастамашыл әлеуметтік топ ретінде үлкен сенім артылады - Махмут Томанов

Бүгін Алматыда «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Жас ғалымдар кеңесі жаңа Жолдауды талқылады. Басты баяндамашы, аталған ғылыми кеңес төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Махмут Томанов жиында жас ғалымдар, магистранттарды Елбасы жолдауындағы әлеуметтік мәселелер туралы айтқаны қызықтырғанын жеткізді.
«Жас ғалымдарға қоғамның қазіргі даму кезеңінде қажетті инновациялық және интеллектуалды өнімдер шығаруға қабілетті ең белсенді, бастамашыл әлеуметтік топ ретінде үлкен сенім артылады. Әлемдегі дағдарысқа қарамастан мемлекетіміздің әлеуметтік секторға барынша көңіл бөліп отырғаны жас ғалымдар назарынан тыс қалмады. Жас ғалымдарымыз сандық экономика туралы да баяндама жасады. Оның ішіне, мобильді коммерция, интернет дүкенді дамытуға қатысты жастар өз пікірін ортаға салды. Денсаулық саласында да жас ғалымдар сапалы білім жөнінде айтып отыр. Сандық экономика осы салада да барлығына жәрдем етпек», - деді Махмут Томанов.
Оның айтуынша, бұл шараның мақсаты Елбасы Жолдауындағы 5 бағытты жастар арасында ғана емес, жалпы халыққа жеткізу.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Жас ғалымдар кеңесі жастарға қолдау көрсету үшін құрылған. Біз жас ғалымдарды жеке немесе мемлекеттік ЖОО-да білім алып жатыр деп бөлмей, ортақ қолдау танытамыз. Біздің алдағы міндеттеріміздің бірі -ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі қазақстандық павильонда жас ғалымдарымыздың еңбектерін таныстыру. Бұл өте ауыр міндет, біз осыны атқарып шығуымыз керек», деді ол.