Жас хоккейшілер автобусының өртенген сəті жарияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жас хоккейшілер мінген шағын автобустың өртенген сəттегі видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас хоккейшілер автобусының өртенген сəті жарияланды

Еске сала кетейік, 23 тамызында сағат 17:00-дерде «Астана-Петропавл» күре жолының 336 шақырымында «ГАЗель» шағын автобусы өртеніп кеткен болатын. Сол кезде, көлік ішінде 15 адам (10-ы бала, қалғаны ересектер) болған.

Вчера🔥🔥🔥, на трассе Астана - Петропавловск не доезжая до границы с СКО, загорелся ГАЗель с юными хоккеистами "Арлан" 2004 года рождения. Дети слава Богу остались в живых🙏🏻🙏🏻🙏🏻! #кокшевидеограмхоккей #кокшевидеогрампожар

A post shared by КОКШЕТАУ ЛЮДИ СОБЫТИЯ НОВОСТИ (@kokshevideogram) on Aug 24, 2017 at 5:02am PDT

Куəгерлердің сөзінше, көлік ішінде отырғандар көкшетаулық «Арлан» хоккей клубының жас ойыншылары. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде аталған оқиғаның себеп салдары анықталуда.