Жас қыздардың төбелесіне байланысты тексеру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас қыздардың төбелесіне байланысты тексеру басталды. Бұл туралы ҚР ІІ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас қыздардың төбелесіне байланысты тексеру басталды

«WhatsApp» мессенджерінде кәмелеттік жасқа толмаған екі қыздың төбелесіне қатысты видео роликке байланысты Астана қалалық ІІД тексеру бастағанын хабарлаймыз. Тексеру қорытындысы қосымша жария етілетін болады», - деді Алмас Садубаев.