«Жас мамандар резерві» жобасының 32 қатысушысы анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу аясында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев «Жас мамандар резерві» жобасының маңыздылығына тоқталып, елімізде алғаш рет қолға алынып отырған осы жобаның нәтижелі болатындығына сенім білдірді.
Оның сөзіне қарағанда, «Жас мамандар резерві» жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партиялық жүйе саласындағы атқарушы кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынып отыр. Биыл осы жобаға қатысқан 800 жастың 32-сі үздік деп танылды. Алдағы уақытта олар Мемлекеттік істер агенттігінде дәріс тыңдап, жазғы мектептен кейін бизнес, партиялық жүйе және мемлекеттік қызмет бағыттары бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтеді.
«Осы жоба арқылы біз еліміздегі үздік әрі көшбасшы жас мамандардың бар екендігін көрсеткіміз келіп отыр. Ашығын айтсақ, сіздер сияқты азаматтарға халық үлкен үміт артуда. Сондықтан сіздер жеке жауапкершілікті танытып, халықтың осы үмітін ақтауға міндеттісіздер. Біз болсақ, оған қажетті барлық жағдайды жасауға тырысамыз, деді Д. Қалетаев.