«Жас Отан» ұйымының өкілдері атқарылған жұмыстарын қорытындылап, болашақ жоспарларын жүйеледі

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты «Жас Отан» ұйымының өкілдері БАҚ өкілдеріне ағымдағы жылдары атқарған жұмыстары жайлы баяндап,  болашақ жоспарларымен таныстырды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кездесу барысында осы бағыттағы жұмыстар жөнінде сөз қозғаған «Жас Отан» ұйымының Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешовтің  айтуынша, бүгінде «Жас Отан» ұйымы жастардың ел өміріндегі атқарылып жатқан істерге араласуы және мемлекеттік  саясатты қолдау бағытындағы жұмыстар бойынша бір мезгілдік шаралардан жүйелі жұмыстарға көшуді жөн санап отыр. «Бұл бағытта бізде қазірдің өзінде тиісті жұмыстар атқарылуда. «Жас Отан» ұйымының өкілдері қазір еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында өздерінің филиалдарының жұмысын жолға қоюда. Сонымен қатар әр облыста осы филиалдардың корпоративті қорлары құрылуда. Басты мақсат - «Жас Отан» мен жалпы жастар ұйымдары тарапынан шыққан бастамаларды жүзеге асыруға қажетті қаражаттарды қарастыру. Сонымен қатар аталмыш жүйе жастар тарапынан атқарылған жұмыстарды сараптап-саралап отыруды көздейді», деді атқарушы хатшы.

 Оның  сөзіне қарағанда, қазір жастар ұйымдарының өкілдері Мемлекет басшысының жақында ғана Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет алдына қойған міндеттер негізінде өздерінің болашақ жоспарларына тиісті өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар