«Жас Отан» жастар қанаты «Өз тағдырыңды еркін таңдау» шарасын өткізуде - Өскемен

ӨСКЕМЕН. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесінде «Өз тағдырыңды еркін таңдау» атты республикалық шара өтеді.
None
None

Оған Өскеменнің мектеп түлектері, кәсіби лицей оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

Білім, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармаларының, «Нұр Отан» ХДП өкілдері балаларды таңдалған мамандық бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігімен таныстырып, оларға жұмысқа тұруға, өздерін болашақ жұмысқа дайындауға көмектеседі. Жалпы айтқанда, жастар жұмысқа орналасудың механизмдері мен олардың мүмкіндіктерімен танысады.

Бүгін №1 кәсіби лицейінде «Өз тағдырыңды еркін таңдау» шарасының қатысушылары үшін «Еңбек нарығында бейімделу» тақырыбындағы оқыту тренингі өтеді.

Шара ұйымдастырушыларының бірі Станислав Каримовтың айтуынша, мысалы, Өскемен қаласында бүгінде қатысушылардың оқытылу уақытында шәкіртақы алатын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 280 бос орын бар.

Соңғы жаңалықтар