08:48, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Жас Отан» жастар қанатының «Ардагерлерді ардақтайық!» іс-шарасына батысқазақстандықтар да үн қосуда
ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының «Ардагерлерді ардақтайық!» іс-шарасына батысқазақстандықтар да үн қосуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жасотандықтар» қаңтардың 11-інде аталмыш іс-шараны осы айда дүниеге келген Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлердің үйін аралап, құттықтаудан бастады. Жылы лебіздерін арнап, сыйлық ұсынған жастарға қариялар риза болды.
Іс-шара алдағы уақытта майдангерлермен кездесу, дөңгелек үстел отырысы, түрлі мәдени-көпшілік шараларға жалғаспақ.