12:34, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
«Жас Отан» ЖҚ ІІІ съезіне БҚО-дан 45 делегат сайланды (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының VI конференциясы болып, онда бірнеше мәселе талқыланды.

Конференция жұмысын «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиланың атқарушы хатшысы Дархан Қадыралиев жүргізді. Облыстық филиалдың 2014 жылы атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, филиал жанындағы кеңес құрамы бекітілді. «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы талқыланып, алда тұрған міндеттердің аса маңызды екені атап көрсетілді.
Астана қаласында өтетін «Жас Отан» ЖҚ ІІІ съезіне Батыс Қазақстан облысынан 45 делегат сайланды.
Ұйымдық мәселе де қаралып, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының атқарушы хатшысы болған Д.Қадыралиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның орнына Нұрғали Жолдасқалиев сайланды.