«Жас Отан» ЖҚ ШЫҰ Жастар кеңесінде төраға болды

ШЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің жас көшбасшыларын жинаған шара аясында ШЫҰ кеңістігінде байланыстарды дамыту мәселелеріне қатысты тақырыптық конференциялар мен отырыстар болып өтті. Конференция барысында ШЫҰ жастар кеңесінің 2010-2011 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары талқыланды, сондай-ақ, күнделікті қызмет, нақтырақ айтсақ, қазақстандық жаққа төрағалықтың өкілеттілігін тапсыру мәселелері әңгіме өзегіне айналды.
ШЫҰ Жастар кеңесінің барлық қатысушылары шілденің 6-ы мен 7-сінде «Селигер-2010» Бүкілресейлік жастар жалпы білім беру форумына қатысты. Оған жоғары оқу орындарының 2 мыңнан астам студенті, шетелдің 40 мемлекетінің жастар қозғалысы көшбасшылары қатысты.
ШЫҰ жастар кеңесінің ІІІ отырысында қазақстандық делегация құрамына «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахмет, «Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов, Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен сынды азаматтар кірді.