Жас павлодарлық суретшілер Польшадағы «Бала және ит» халықаралық байқауының арнайы сыйлығын алды

ПАВЛОДАР. 11 қазан. ҚазАқпарат - Павлодардағы № 1 балалар көркемөнер мектебінің тәрбиеленушілері К. Балковая, А. Андреева, А. Хамитова Польшада өткен халықаралық балалар және жасөспірімдердің сурет өнері байқауының арнайы сыйлығын иеленді,
None
None

 деп хабарлады  қалалық білім бөлімінен.

Тоғыз жастағы Анастасия мен Аделия және 12 жасар Ксения өздерінің суреттерінде төрт аяқты адамның достарын махаббатпен және мейірімділікпен салды. Қазылар алқасы жас суретші қыздар «қолтаңбаларының» эмоционалдығын, шеберлігі мен өзіндігін жоғары бағалады.

Биылғы жылы «Бала және ит» байқауына бүкіл әлемнен барлығы 10882 жұмыс жіберілді. Соның ішінде 180 суреттің авторлары қазақстандық балалар болды.

Тоғызы шығармашылық сайыстың дипломанттары атанды, соның ішінде жетеуі № 1 павлодарлық көркемөнер мектебінде оқиды.

Соңғы жаңалықтар