Жас павлодарлықтар марафондық жүгірулерін Жеңіс күніне арнады

ПАВЛОДАР. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы №24 балабақшаның бүлдіршіндері Жеңіс күніне арнап марафон жүгірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл дәстүр балабақшада осыдан 5 жыл бұрын басталған болатын.Ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге жүгірген бүлдіршіндер, марафондарын балабақшадан бастап, Даңқ ескерткішінің алдында аяқтады. Бұл күнге балдырғандар біраз дайындалды да. Тәрбиешілері Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы соғыс туралы оларға ұғынықты тілде әңгімелеп берді. Жеңіс күнін жақындатып, халыққа бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларының құрметіне адамдар Мәңгілік алау жағып, осынау Ұлы Жеңісті жыл сайын атап өтетінін айтып берді. Балабақша бүлдіршіндері Даңқ обелискінің алдындағы алаңда концерт қойды.
Соңғы жаңалықтар