Жас скрипкашы Дана Есқайыр Ресейді бағындырды

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қапшағай балалар шығармашылығы орталығының үшінші сынып оқушысы, 11 жасар Дана Есқайыр музыкалық жарыстың лауреаттарының бірі атанды. Ол «Скрипка» аталымында өзінің жас ерекшелігі бойынша үшінші орынға ие болды.
Дананы бұл байқауға ұстазы - 33 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы санаттағы педагог Наталья Фардеева дайындады. Концертмейстер - Қапшағай балалар шығармашылығы орталығының фортепиано оқытушысы Гүлімай Маханова.
Байқауға барлығы 138 бала қатысты, соның 49-ы «Скрипка» аталымында сайысқа түсті. Жас таланттардың саңлақтар тобы Ресей Федерациясының басқа қалалары: Санкт-Петербор, Томск, Омск, Барнаул, Братск, Рубцовсктан да келді. «Скрипка» аталымында Қазақстанның намысын жеті музыкант қорғады. Сайысқа Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің музыкалық мектебі мен колледжі мен Қапшағай қаласындағы Балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Биылғы жылы Қапшағай Балалар шығармашылығы орталығына 39 жыл толады.