Жас журналистердің «Жаңа толқын» байқауын өткізу туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Осы ереже байқауға қатысу тәртібін және оның қатысушыларына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты:
- Қазақстандық журналистиканың кадрлар резервін қалыптастыру
2.2. Байқаудың міндеттері
- Отандық журналистика саласындағы ұрпақтар сабақтастығы және тәжірибе алмасу;
- Жас журналистердің кәсіптік шеберлігін дамыту;
- Жастар проблемасы төңірегінде сындарлы шешуге бағытталған қоғамдық пікір туғызу;
- Журналистикада жас, өршіл, мақсаткер жастарды анықтау;
- Қалада жастар баспасөзін дамыту, ақпараттық кеңістік құру.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Қалалық байқауға Астана қаласы жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының және мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысады.
4. Ұйымдастыру комитеті және байқау комиссиясы:
4.1. Байқаудың ұйымдастыру комитетінің мүшелері «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалының қызметкерлерінен және қаланың жастар қоғамдық ұйымдарының белсенділерінен құралады.
4.2. Байқау комиссиясы әрбір бағыт бойынша бөлек БАҚ өкілдерінен құрылады.
5. Қатысушыларға негізгі талаптар
5.1. Қатысушылар белгіленген үлгіде өтінім берулері тиіс.
6. Байқаудың мазмұны
Байқау 4 бағыт бойынша өтеді:
1. Баспа ісі және PR
Бұл бағыт бойынша қатысушылар мына тақырыптардың бірінен эссе ұсынуы тиіс:
- «Айгүл Мүкейден (Артур Платоновтан, Салтанат Қалиевадан және т.б.) үйренгім келеді!»
- «Журналист қоғам өміріне ықпал ете ала ма?»
- «Мен неге қазақстандық журналистиканың болашағы болғым келеді!»
- «Мен «Апта апаттарын» жиі көремін (ТВ-дағы қатер)
- Жалқын түсті газеттер (Қазақстандағы бейресми баспасөз туралы)»
Материалдың көлемі газет парағынан көп емес (А3 форматы). Материал басылған күйінде және электрондық нұсқада ұсынылады.
Сондай-ақ БАҚ-тағы жарияланымдары болуы және басылымдардан немесе басқа да журналистика саласында жұмыс істейтін жеке адамдардан ұсынба хат қош алынады.
2. Теле- және радиожурналистика
Бұл бағыттағы байқауға қатысушылар 2 минуттік бейнематериал ұсынады және осы байқауға қатысуын қысқаша негіздеулері тиіс, сондай-ақ болса, елдің әлеуметтік және мәдени, білім беру, экономикалық өмірі, атап айтқанда, жастарға қатысты бейнероликтер.
3. WEB - журналистика
Қатысушылар өздерінің WEB сайттары, чаттары немесе басқа да ақпараттық порталдары жасалымдарын ұсынады. Бұл бағыттағы байқауға қатысу туралы өтінімде желілік басылымдардың тұжырымдамасын, жобаны жүзеге асыру мақсаттары мен тетіктерін көрсете отырып өтінімге тіркеуі, Интернеттегі сайттың мекенжайын көрсетуі және желілік баслымның CD-дискідегі нұсқасын ұсынуы тиіс.
4. Фотожурналистика
Байқауға қатысуға жас фотоәуесқойлар шақырылады.
Байқау жұмыстары мен фотосуреттерге авторлық құқық байқауға ұсынған адамдардікі болуы міндетті.
Мына тақырыптардың бірі бойынша өз фотосуреттері топтамасын ұсынуы қажет:
- «Объективте - жаңалықтар»;
- «Елорда адамдары».
Басылған фотосуреттерге талаптар:
- Байқауға 30X40 см-ден 50X60 см-ге дейінгі көрмелік форматтағы фотоматериалдар ұсынылады;
- Байқауға ұсынылған материалдар түрлі-түсті, сондай-ақ-қара түсті болуы мүмкін;
- Байқауға ұсынылған материалдар әдіптелмеген, жиектемеге салынбаған немесе басқаша түрде рәсімделмеген болуы қажет.
Электрондық нұсқадағы фотосуреттерге талаптар:
- Фотосуреттер электрондық нұсқада немесе электрондық поштамен жіберілуі мүмкін;
- Фотосутерттердің форматы JPEG, Windows Bitmap - Bmp или Tag Image File Format - TtF түрінде болуы тиіс.
- Фотосуреттердің көлемі 150 dpi, 1500X 2000 болуы тиіс. .
Байқау жеңімпаздары үшін:
- Әрбір бағыт бойынша жетекші мамандар шеберлік сыныптарын өткізеді;
- Баспа және интернет-басылымдарда, сондай-ақ телеарналар мен радиода тағлымдамадан өтеді;
- Жаңа медиажобаларды жүзеге асыруға қатысады;
- «Жаңа толқын» газетінің сандарын шығаруға қатысады;
- «Жаңа толқын» бейнеролигін шығаруға қатысады;
- «Жастар үшін «Жаңа толқын» интернет-порталы құрылады;
- «Жаңа толқын» фотосурет көрмесі өткізіледі.
7. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
7.1. Байқау қорытындысын байқау комиссиясы берілген өтінімдер негізінде шығарады.
7.2. Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті және талқылауға жатпайды.
8. Өткізілетін мерзімі:
Байқау 2009 жылғы қыркүйек - қазан айларында өткізіледі.
Байқауға өтінімдерді 2009 жылғы қазанның 1-іне дейін байқаудың ұйымдастыру комитетінің мекенжайына жолдау қажет:
Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 3, №11 каб («Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ғимараты), тел. 36-19-74, 87014481168, 87026035863.