Жасаған қылмысы үшін 17 жыл іздеуде жүрген Украина азаматы қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің жедел іздестіру тобы мүшелері 17 жылдан бері жасырынып келген Украина азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Баспасөз қызметінің хабарлауынша өңірде қыркүйектің 13-і мен 18-і аралығында «Іздестіру» іс-шарасын жүзеге асыру барысында күдікті шет ел азаматына тексеру жүргізілген. Соған сәйкес оның жылдар бойы іздеуде жүргендігі анықталды. Черкасский облысының тумасы 1993 жылы адам зорлап, қылмыстық әрекетін жасырып, ізін суытып кеткен. Енді міне, уақыт өтсе де қылмыскер заң алдында жауап беретін болады.

Жалпы, айтулы іс-шара барысында өңірде 19 қылмыскер құрықталып, тұрақты мекенжайы жоқ 13 адам анықталды. Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар