Жасанды интеллект қолданатын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары әзірленеді

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізетін кәсіпорындарды қолдаудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырды.

еңбек нарығы, жұмыспен қамту
Коллаж: Kazinform

- Қазір елімізде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізіп, іске асырып жатқан өндіріс орындары бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге осындай кәсіпорындарды қолдаудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкіметтің көшпелі отырысында. 

Сондай-ақ, Премьер-министр жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздік маңызды екенін еске салды. 

- Ол үшін тиісті заңнамалық шаралар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау керек. Заң аясында дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану арқылы қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселесі және этикалық нормалар қамтылуға тиіс, - дейді ол. 

Айта кетейік, келер жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект курсынан өтеді. 

Сондай-ақ, Олжас Бектенов цифрлық қызметтің дені халық үшін күрделі екенін айтып, процесті жеңілдетуді жүктеді

Соңғы жаңалықтар