19:53, 26 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Жасанды интеллект министрлігін құруға қанша ақша кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Жаслан Мәдиев өзі басшылық ететін ведомствоны қатай құрылымдауға қанша шығын жұмсалғанын туралы пікір білдірді.

Министр Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында ведомствоны қайта атауға ешқандай шығын кетпегенін мәлім етті.
— Штат саны көбейтілген жоқ. Керісінше қысқарып жатыр. Өйткені кейбір функциялар басқа министрліктерге беріледі. Инновация тарту функциясы, мысалы. Сондықтан бұл жерде айтарлықтай шығын болған жоқ, — деді ол.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қыркүйекте мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы құжатқа қол қойды.