Жасанды интеллект те сынға түседі: WorldSkills Kazakhstan 2026 басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» кәсіби шеберліктің XI республикалық чемпионаты басталды. Елдің барлық өңірінен жиналған 840-тан астам конкурсант 44 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Биылғы сайыста жасанды интеллект құралдары да қолданылмақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті. 

Жасанды интеллект те сынға түседі: WorldSkills Kazakhstan 2026 басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысып, чемпионаттың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы маңызын атап өтті және қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жасанды интеллект те сынға түседі: WorldSkills Kazakhstan 2026 басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сайыстар алты бағытты қамтитын 44 құзыреттілік бойынша өтеді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, көлік және логистика, әлеуметтік және жеке қызметтер, креативті индустриялар мен дизайн, құрылыс технологиялары бар.

Жасанды интеллект те сынға түседі: WorldSkills Kazakhstan 2026 басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Биылғы чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі — жекелеген конкурстық тапсырмаларда жасанды интеллект құралдарының қолданылуы. Бұл қатысушыларға кәсіби міндеттерді орындауда заманауи цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект те сынға түседі: WorldSkills Kazakhstan 2026 басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сайыстар 26-28 қараша аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 30 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды.