Жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қатер төндіруі мүмкін – Мемлекет басшысы

Жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Бұл туралы Digital Bridge 2023 халықаралық технология форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

жи
Фото: Pixabay

«Тағы бір маңызды мәселеге назар аударған жөн. Бүгінде адамның ақыл-ойынан машина, яғни технология үстем болатын заман орнығуда. Басқаша айтқанда, жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгісіз. Ғалымдар арасында бұған қатысты ортақ пайым жоқ. Яғни, жасанды интеллект адамзатқа игілік әкеле ме әлде құрдымға кетіре ме деген сұрақ әлі де өзекті болып тұр. Сондықтан осы мәселеге саналы түрде қарап, жасанды интеллектінің дамуын жіті назарда ұстау — аса маңызды міндет», — деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы мысал ретінде кезінде атом энергетикасымен қатар атом қаруы пайда болғанын айтты.

«Сол кезде жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа қағидаттар қалыптасты. Бұл — технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек деген сөз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар