Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ростислав Коняшкин жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ростислав Коняшкин
Фото: Үкімет

1989 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке кәсіпорында консультант болып бастаған.

2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.

2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.

2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.

2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.

2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері.

2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.

2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.

2020-2021 жылдары — ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.

2021-2024 жылдары — «Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы

2024-2025 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі.

2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. 

Айта кетелік Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келгені туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар