Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Жаслан Мәдиевтің еңбек жолы
Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» Инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері (2007 ж)
Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (2020-2022 жж)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі (2022ж)
Binance Kazakhstan бас менеджері (2022-2024 жж)
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2024 жылғы 6 мамыр)