Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды
Фото: Көлік министрлігі

— Жасанды интеллекттің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарды. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жасанды интеллекттің көмегімен 15 мың км республикалық және шамамен 5 мың км жергілікті жолдар тексеріледі.

Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды
Фото: Көлік министрлігі

Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, ауыр жүк көліктері мен жол сапасы мәселесі цифрландыру арқылы шешілетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар