Жасанды интеллектінің дамуы адамзат үшін бірқатар қатер төндіреді – ШЫҰ өкілі

Жасанды интеллектінің дамуы адамзат үшін бірқатар қатер төндіреді – ШЫҰ өкілі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңістігінде цифрландыру процесі белсенді түрде дамып келеді. Бұл туралы «Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов айтты.

«Атап айтқанда, 18 жыл ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, ШЫҰ елдері арасында цифрлық алшақтықты қысқарту, ақпараттық-коммуникациялық технологияның инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу, кеңес өткізу, БҰҰ алаңында достық қарым-қатыснаста ортақ ережелерді шығару. Бұл ретте Қазақстанның цифрлық трансформация процесі айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр. Айта кетейін, бұл салада өзара ықпалдастықты арттыру ШЫҰ елдерінің жоғары басшыларының назарынан тыс қалған емес және қалмайды», - деді Григорий Логвинов.

Оның айтуынша, бүгінде әлемнің 130-дан астам мемлекетінде кибер соғыс бағдарламасы дамып келеді.

«Айту керек, халықаралық наркобарондар, заңсыз қару мен құл сатушылар, террорлық, сепаратистік құрылымдарға лаңкестерді дайындаушылар бүгінде озық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар меңгерген. Жасанды интеллектінің дамуында да, атап айтқанда, сұранысқа ие мамандықтардың номенклатурасын қайта форматтау, сот жүйесі, жалпы адам санасына қатысты бірқатар қатерлер жасырынған. Жалпы, қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастықтың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы ұзақ әрі қиын жолдың басында тұр десе болады. Бұл ретте бүгінгі өтіп жатқан форум маңызды шешім шығарады деп ойлаймын», - деді ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов.

Еске салайық, Алматыда «Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар