Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы орынбасары қызметіне Жасын Біркенов тағайындалды.

Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды
Фото: «Хабар» агенттігі

Бұл қызметке келер алдында ол 2022–2023 жылдары «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры болды, оған дейін «24 KZ» телеарнасының директоры қызметін атқарған.

Жасын Біркенов 1989 жылы 30 сәуірде туған

Білімі: 2010 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған.

Жұмыс тәжірибесі:

2008-2010 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, редактор-үйлестірушісі

03.2010-09.2010 жж. – «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалды телерадиокомпаниясы» КММ тілшісі

2010-2011 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының телебағдарламалар шығару бойынша шығармашылық қызметінің редакторы

2011-2012 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ тілшісі

01.2013-10.2013 жж. – «Телекомпания ЭРА» ЖШС ақпараттық бағдарламалар департаментінің тілшісі

2014-2015 жж – «ERA Television Company» ЖШС ақпараттық бағдарламалар бөлімінің тілшісі

2015-2021 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар 24» арнасының тілшісі, меншікті тілшісі (Өзбекстан мен Украинада), бас редакторы, бас редакторы

2022-2023 жж. – «Атырау Ақпарат» ЖШС бас директоры

2023 жылдың 16 қазанынан «Хабар» Агенттігі» АҚ «24 KZ» арнасының директоры болып тағайындалды. 

 

Соңғы жаңалықтар