Жаслан Мәдиев Яндекстегі ақаулар жөнінде пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-Министр орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Яндекс қосымшасындағы ақау жөнінде пікір білдірді.

Жаслан Мадиев
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

— Яндекс қазір жұмыс істеп тұр. Бірақ олар тұрақтандыру үшін жұмыстарды бастады. Екі-үш күннен кейін Яндекс толыққанды жұмыс істейді деп үміттенеміз, — деді министр агенттік тілшісіне.

Бұған дейін Ресейде бірқатар сервистің жұмысы жаппай істен шыққан еді.

Сондай-ақ бұған дейін Yandex Go Kazakhstan сервистер жұмысындағы ақауларға қатысты түсінік берген еді.

Министрлік ел азаматтарының жеке деректері сақталатын Яндекс серверлері қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтуда.