«Жасөспірім денсаулығы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жасөспірім денсаулығы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған спортты дамыту, балалар құқығын қорғау,
None
None

санитарлық қадағалау мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері қатысты. Жасөспірімдер денсаулығын қайтсек қорғаймыз, ол үшін не істеуіміз қажет деген мәселелерді мамандар ортаға салды. Қатысушылар өз салалары бойынша атқарылып жатқан шараларды атап өтті.

Облыс бойынша бала денсаулығын шыңдайтын 20 мамандандырылған мектеп бар. Оған аймағымыздың 8,2 пайыз оқушылары қамтылған. Ал мектеп қабырғасында өтетін валеология сабақтарына аса мән берілмей отырғандығы да дөңгелек үстелде айтылды. Мектептерде денешынықтыру, әлем- айнала тану пәндерінің факультатив түрінде өткізілетіндігі де жасырын емес. Сондай-ақ жасөспірімдер тәртібін қадағалау тек құқық қорғау орындарының құзыретіне кіреді деп бейжайлық танытатынымыз рас. Басқосуға қатысушылар аталған мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар