Жасөспірім қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сырым ауданының С. есімді тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін өмір бойы белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырылумен бірге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, прокуратура органдары денсаулық сақтау ұйымдарымен бірге тексеру жүргізу барысында 2003 жылғы А. есімді қыз баланың жүктілігін үзу дерегін анықтаған. ҚР ҚК 120-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу барысында 1983 жылғы С. Жымпиты ауылындағы үйінде зайыбының және А-ның ата-анасының жоқтығын пайдаланып, күштеп жыныстық қатынас жасаған. Бұл оқиға туралы жасөспірім қыз өзінің апасына (сотталушының зайыбы) жеткізеді. Алайда апасы балаларының әкесіз қалатынынан қорқып, А-ны бұл қылмыс туралы ата-анасына айтпауға көндіреді. Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталық ата-анасының біреуінің нотариалдық расталған келісімінсіз жүктілікті үзуден бас тартқаннан кейін ғана қыз шындықты анасына айтуға мәжбүр болады. Жәбірленушінің анасы да қызының зорланғаны оның психологиясына теріс әсерін тигізеді деп қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Прокуратура органдарының араласуынан кейін ғана айыпты қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram