Жасөспірім мен екі ер адам суға батып кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 16 жастағы жігіт және екі ер адам су тоғандарына батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

29 мамыр күні Қызылорда облысы Қызылжар кенті маңында Сырдария өзеніне шомылған 16 жастағы жігіт суға кетті. ҚР ТЖМ аймақтағы ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен бір техникасы) мәйіт іздестірілуде.

29 мамыр күні Петропавлда «Каскад» саяжай қоғамы аумағында Есіл өзенінде балық аулау кезінде абайсызда 1968 жылғы ер адам суға құлап, батып кетті. Оның денесін судан тәртіп сақшылары шығарып алды.

Қостанай облысының Ақайдар ауылының жанында 28 мамыр күні Сауытбай өзеніне шомылу барысында 39 жастағы ер адам суға кетті. Оның мүрдесін судан жергілікті тұрғындар шығарды.

Соңғы жаңалықтар