Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының екінші турында Оралдың «Конденсаты» үздік өнер көрсетті

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жасөспірімдер арасындағы волейболдан ел чемпионатының екінші турында Оралдың «Конденсаты» үздік өнер көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 1991-1992 жылғылар арасында «Конденсат» барлық қарсыластарын ұтып, турнир кестесінде жекедара топ бастады. Оралдық үш бірдей ойыншы, атап айтқанда, Еркебұлан Самарханов, Никита Толкачев, Алексей Курдюков үздіктер қатарына енді. 1993-1994 жылғылардан оралдықтар үздік үштіктің ішінде келеді. Мұнда Артем Шашков пен Евгений Гоф ерекше көзге түсті. Келесі, қорытынды тур ойындары наурыз айында Екібастұз қаласында өтеді.
Соңғы жаңалықтар