Жасөспірімдер істері бойынша құрылған соттар өз тиімділігін көрсетті - Қ.Мәми

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін қарайтын мамандандырылған ауданаралық соттар өз тиімділігін көрсетті.
None
None
Бұл туралы бүгін елордадағы 2008 жылдың қорытындысына арналған судьялардың кеңейтілген кеңесіне төрағалық еткен ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметі бойынша, Астана мен Алматы қалаларында құрылған осы санаттағы соттарға бес айдың ішінде 600-ге жуық арыз-шағымдар түскен болатын. «Осы істерге сәйкес шығарылған тек бір ғана сот шешімі өзгертілді. Бұл кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын мамандандырылған ауданаралық соттардың тиімділігін көрсетсе керек», - дейді Қ.Мәми.
Соңғы жаңалықтар