14:31, 04 Сәуір 2012 | GMT +5
Жасөспірімдер қала әкімі жүлдесін сарапқа салды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы «Локомотив» стадионында футболдан жасөспірімдер арасында қала әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнир болып өтті.

«Көктемгі каникул» деп аталған бұл жарысқа 10 команда қатысты. Нәтижесінде бірінші орынды Тараз қаласының, екінші орынды Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының, ал үшінші орынды Қарағанды футбол клубының командалары жеңіп алды. Бұлардан басқа, әртүрлі аталымдар бойынша үздіктер есімдері анықталды.
Жүлдегерлерге кубоктар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.