Жасөспірімдер «Табағанда» демалады

ЫМКЕНТ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Жақында Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында «Бiрлiгiмiз жарасқан» акциясы аясында сенбiлiк өткiзiлдi. Сенбілік аясында мемлекеттiк қызметкерлер мен ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары «Жастар» саябағын абаттандыру жұмыстарына белсене араласты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Халықты бiрлiкке, ынтымаққа шақыру шаралары барысында аудан әкiмi Созақбай Әбдiқұлов спорт саласында жетiстiктерге жеткен, оқуда озат 90 оқушыға сәт-сапар тiлеп, «Табаған» спорттық ойын-сауық орталығына жолдама бердi.

Былтыр Созақ ауданындағы «Мардан» жазғы сауықтыру лагерiне 600 бала барған болатын. Биыл өңiрiмiзде қырым-қанды қызбасы ауруының өршуiне байланысты балалар демалысы уақытша тоқтатылды. Дегенмен, аудан әкiмi Созақбай Әбдiқұлов Алматы қаласындағы «Табаған» спорттық ойын-сауық кешенiнiң директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Қ. Беркiнбаевпен келiсiмшарт түзiп, қауiпсiз өңiрлерде балалар демалысын ұйымдастыруға мұрындық болды.

Алатаудың етегiнде орналасқан «Табаған» спорттық ойын-сауық орталығына жолдама алған жасөспiрiмдер ауылдық ақсақалдар кеңесi, мектеп басшылығы мен ата-аналар комитетiнiң мүшелерiнiң шешiмiмен iрiктелiп алынды. Олар 10 күндей демалып қана қоймай, 2011 жылы 7-шi қысқы Азия ойындары өтетiн орындарға да саяхаттайтын болады. Балалар демалысына аудандағы «Катко» бiрлескен кәсiпорыны демеушi ретiнде 6 млн. теңге бөлдi.

Аудан оқушыларының бiлiм сапасы бойынша көрсеткiшi жаман емес. Биыл мектептi тәмамдаған 600-ден астам оқушы ҰБТ-ға қатысып, аудан бойынша орташа көрсеткiш 82,7 балды құрады. Тестiлеуде 3 түлек 120 балл жинаса, 119 бiтiрушi 100-ден жоғары нәтижеге қол жеткiздi. «Алтын белгiге» үмiткер 12 оқушының 8-i өз бiлiмдерiн дәлелдей алды.

Балаларды демалыс орындарына шығарып салу рәсiмiнде аудан әкiмi Созақбай Әбдiқұловқа жастар атынан «Созақ жастары» қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшесi Дулат Мәмбетәлi және «Алтын белгi» иегерi Толқын Омарова, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептiң оқушысы Нұрлан Қанатұлы алғыстарын бiлдiрдi.

Соңғы жаңалықтар