00:16, 30 Қазан 2025 | GMT +5
Жасөспірімдер Азиадасы: Аслан Ерғалиев күміс, Інжу Сахабадин қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар Аслан Ерғалиев пен Інжу Сахабадин жүлделі орыннан көрінді.
Қазақстан құрамасының өкілі Аслан Ерғалиев 55 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, күміс медальға ие болды. Ақтық сында ол өзбекстандық балуан Абубакр Сатторовқа жол берді.
Ал қазақстандық дзюдошы Інжу Сахабадин 44 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Інжу моңғолиялық Цельмуун Ганчимэгті айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, Абдулла Батырбек Азия ойындарында джиу-джитсудан қарсылас шақ келтірмеді.