01:20, 27 Қазан 2025 | GMT +5
Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан биіктікке секіруден қос бірдей жүлде жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды.
ҰОК мәліметінше қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.
Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті.
Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды - 1.73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді.
Айта кетелік таеквондодан Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасында ел қоржынына екі жүлде түскен еді.