Жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген: Есіл ауданында спорт арқылы қауіпсіз орта жасалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Кейінгі үш жылда Ақмола облысының Есіл ауданында жасөспірімдер жасаған немесе оларға қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл нәтиже полицияның, спорттық қоғамдастықтың және жергілікті биліктің тығыз қарым-қатынасының арқасында мүмкін болды.

Жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген: Есіл ауданында спорт арқылы қауіпсіз орта жасалып жатыр
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

6 тамызда «Заң және тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында, облыстық полиция департаментінің басшылығы ауданның жастарымен және спорт жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері және спорттың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі талқыланды.

Жаттықтырушылар өз жұмыстары туралы айтып берді, ал жас спортшылар жаттығуда алған дағдыларын көрсетті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеу мақсатында, құқық қорғау органдары мен спорт қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды. Айта кетейік Ақмола өңірі алғашқылардың бірі болып «Зиялы қауым» бағдарламасы мен жергілікті қоғамдастықтың ең тиімді бағдарламалардың бірі саналады. 

Жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген: Есіл ауданында спорт арқылы қауіпсіз орта жасалып жатыр
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Кездесуге белгілі спортшылар, соның ішінде жекпе-жектен әлем чемпионы Идрис Бримжанов қатысты. Ол тәртіптің, салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті және құрдастарын жағымсыз әсерлерге бой алдырмауға шақырды.

Ауданда үштен астам заманауи спорт кешені жұмыс істейді, бұл жастарды белсенді және қауіпсіз өмірге тартуға ықпал етеді. Алдын алудың жаңа форматы полицияның «заң елшілері» бастамасы болды, оның аясында жас спортшылар құрдастарына үлгі болады.

Басқосу барысында бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша бастамалар талқыланды: тәуекел тобындағы жасөспірімдерге арналған турнирлер, ювеналды полиция инспекторларының қатысуымен спорттық шеберлік сыныптары, сондай-ақ спортшылар қиын жасөспірімдерге қамқорлық жасайтын «тәлімгер» бағдарламасын іске қосу.

Кездесу қорытындысы бойынша «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында ІІО мен спорт ұйымдары арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды көздейтін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген: Есіл ауданында спорт арқылы қауіпсіз орта жасалып жатыр
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
Жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген: Есіл ауданында спорт арқылы қауіпсіз орта жасалып жатыр
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды: өңірдегі спортты дамытуға қосқан үлесі, полицияның құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді жәрдемдесуі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуі үшін ауданның спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар